29.09.2009, 16:28 3082

Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Баку декларациясы қабылданды

Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Баку декларациясы қабылданды

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Баку декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация осы күндері Баку қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының І-ші жалпы отырысына қатысуда.

Бүгін делегация жетекшілерінің қатысуымен ТүркіПА Кеңесінің отырысы өтті.

Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бірінші жалпы отырысы өз жұмысын бүгін бастады. Осы маңызды басқосудың салтанатты ашылу рәсімі Изербайжан Республикасы милли меджлисінің төрағасы Оқтай Асадовтың, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттықтауларымен басталды.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Айтбай Тағаевтың және Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Мехмет Или Шахин сөз сөйледі.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне ТүркіПа-ның регламенті мен хатшылығының ережелерін талқылау, сондай-ақ Бас хатшысы мен орынбасарларының кандидатурасын ұсыну мәселелері енгізілген. Осы жиынға қатысушылар күн тәртібіне сәйкес ТүркіПА-ның келесі жалпы отырысының өтетін орны мен мезгілін айқындайтын болады. Және де ТүркіПА бірінші жалпы отырысының қорытынды құжатына қатысты мәселесін де талқыға салды.

Күн тәртібін бекіткен соң, ТүркіПА парламенттік делегациясының мүшелері сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация құрамында ҚР парламенті сенатының қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Қайрат Ищанов, мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ұзаққали Елеубаев, сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегенов, мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Аманкелді Момышев, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Тілеухан бар.

Отырыс қорытынды құжат - Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Баку декларациясын қабылдаумен аяқталды. Содан кейін ТүркіПА-ға мүше елдер парламенттерінің төрағалары бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

ТүркіПА-ның жұмысы шеңберінде Изербайжан Республикасының президенті Ильхам Илиев ТүркіПА-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің төрағаларымен кездеседі деп өзделген. Осы сапар барысында делегация Бакудегі тарихи және қасиетті орындарға барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны