09.02.2011, 15:09 4778

Уәлихан Қайсаров мемлекеттік тілден өткен сынақта сүрінді

Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өте алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өте алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өте алмаған.

Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, мемлекеттік тілді еркін меңгеру сынағы үш түрлі бағыт бойынша жүргізілді. "Атап айтқанда, кандидат екі беттен аспайтын шығарма жазып, кітаптан 3 минуттан аспайтын мәтін оқу керек. Сондай-ақ кандидат мінберден сөйлеп, өз ойын жеткізе алатындығын көрсетуі керек",-деді М. Жолдасбеков.

Комиссия төрағасының сөзінше, У. Қайсаров жазба жұмысы бойынша тақырыпты аша алмады. Оның ойы шашыраңқы болды. Сөйлем құрауда көп қателер жіберді. "Нәтижесінде орфографиялық қателер - 7, пунктуациялық қателер - 11, стилдік қателер - 10 болды. Бас-аяғы 2 беттік жазба жұмысының негізгі қателері - 28 болып шықты",-деді М. Жолдасбеков.

Оның сөзіне қарағанда, У. Қайсаровтың кітәптан мәтін оқуы көңілден шықты. Ал еркін тақырыпта ойы шашыраңқы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны