10.09.2012, 14:09 4101

Иділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесті

Кездесу барысында ҰҚШҰ Бірлескен штабы жұмысының ұтымдылығын арттыру сұрақтары талқыланды.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы Иділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында ҰҚШҰ Бірлескен штабы жұмысының ұтымдылығын арттыру сұрақтары талқыланды.

"Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында жоспарланып отырған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, әсіресе Ұйымның әскери құрамдас бөлігіне ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттері аса көңіл бөлуде", - деді Николай Бордюжа.

Бүгінде ҰҚШҰ-ның басты назары Жедел ден қою ұжымдық күштерінің дамуына аударылған. Заманауи жағдайда жиналған ішкі әлеуетті қазіргі таңда жиі кездесетін қалыпты жағдайларда ұтымды пайдалану керектігі ҰҚШҰ-ның басты бағыттарына айналды.

ҚР Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Қазақстанның Искери доктринаға сәйкес қарулы күштерін жаңа замануи қару-жарақ пен әскери техникамен қаруландыру ісіне назар аударды. Қорғаныс министрлігі қолданыстағы әскери техникаларды жаңарту және жаңа әскери қару-жарақты сатып алу мәселесіне көптеген шетел мемлекеттерімен үлкен жұмыс атқаруда.

Кездесу соңында тараптар ҰҚШҰ аясында көптеген мәселелерді бірлесе отырып шешетіндіктеріне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны