08.09.2006, 11:02 2387

Икімдер сайлауына қатысуға әзірге екі үміткер ғана аттарын ұсынды - Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлауына қатысуға әзірге екі үміткер ғана аттарын ұсынды, деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков.

"7-қыркүйектегі жағдаймен Атырау облысының Мақат ауданында екі үміткердің аты ұсынылды",- деді О.Жұмабеков Орталық сайлау комиссиясының жиналысында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының сайлау алдындағы шаралардың жоспарына сәйкес, қыркүйектің 5 мен 19 аралығында үміткерлердің аты ұсынылса, үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 10 мен 24 аралығына белгіленді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу аяқталған күннен басталып, 18-қазанға дейін жалғасады. Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі.

Сайлау Ақмола облысының Ақкөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді және Қорғалжың аудандары мен Степногорск қаласында; Ақтөбе облысының Ийтеке би, Алға, Ырғыз және Уыл аудандарында; Алматы облысының Балхаш, Қарасай, Кербұлақ, Көксу және Райымбек аудандары мен Текелі қаласында; Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бородулиха, Глубоковский, Күршім және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында; Жамбыл облысының Жамбыл, Қордай және Талас аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаровский және Нұра аудандары мен Приозерск, Сәтпаев және Теміртау қалаларында; Қызылорда облысының Арал және Жаңақорған аудандарында; Қостанай облысының Амангелді, Иулиекөл, Қамысты, Қарасу және Қостанай аудандары мен Рудный қаласында; Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында; Павлодар облысының Қашыр,Май және Успенский аудандары мен Екібастұз қаласында; Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар және Тайынша аудандарында; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Созақ және Түлкібас аудандары мен Арыс қаласында өтеді.

Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны