15.06.2010, 12:34 2897

ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңеснің хатшылары Қырғызстанға әскери көмек беру туралы шешім қабылдады

ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңеснің хатшылары Қырғызстанға әскери көмек беру туралы шешім қабылдады

Бішкек. 15 маусым. Kazakhstan Today - ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңеснің хатшылары Қырғызстанға әскери көмек, соның ішінде авиация, техника, әскери көлік, арнайы құрылғылар (қару-жарақтан басқа) беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алик Орозов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "24kg" сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, Мәскеуде өткен кеңес аяқталғаннан кейін ол кейбір Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына мүше-мемлекеттердегі әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен. "ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңеснің хатшылары біздің еліміздің оңтүстігіндегі ұлтаралық шиеленіс деңгейін басуға және қаруланған бандиттік топтар әрекеттірінің алдын алуға бағытталған ұсыныс әзірледі",- депатап өтті А. Орозов.

"Біз үшін өте маңызды көмек жуық арада, қажетті құжаттарға қол қойылысымен келіп жетеді, деген ойдамын",- деп түсіндіріп өтті ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны