20.04.2010, 13:25 2993

Украина Қазақстанмен арадағы әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейте түсуге дайын

"Біз екі жақты ынтымақтастықтың бір құрамдас бөлігі болып табылатын әскери-техникалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге дайынбыз. Бұл бағытта Украинаның мүмкіндіктері зор", - деді М. Ежель.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Украина Қазақстанмен арадағы әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейте түсуге дайын. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Михаил Ежель Қазақстанның Украинадағы елшісі Амангелді Жұмабаевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Украина Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз екі жақты ынтымақтастықтың бір құрамдас бөлігі болып табылатын әскери-техникалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге дайынбыз. Бұл бағытта Украинаның мүмкіндіктері зор", - деді М. Ежель.

Өз кезегінде елші Қазақстан үшін Украинамен арадағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

"Қазақстан мен Украина арасында жақын байланыс бар, Украина біз үшін стратегиялық серіктес", - деді А. Жұмабаев.

Ол бұған қоса Қазақстанның Украинамен арада әскери және әскери-техникалық саладардағы екіжақты жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын атап көрсетті.

Кездесу барысында М. Ежель мен А. Жұмабаев сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбековтың Украинаға сапарын ұйымдастыру жайын да талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны