15.09.2010, 17:10 4839

Украина Ресей және Қазақстанмен бірлесе отырып ядролық отын шығаратын болды

Украина Ресей және Қазақстанмен бірлесе отырып ядролық отын шығаратын болды

Алматы. 15 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Украина Ресей және Қазақстанмен бірлесе отырып ядролық отын шығаратын болды. Бұл туралы кеше Украинаның президенті Виктор Янукович Киевте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" сілтеме жасай отырып.

"Біз Украинаның ядролық отынды өндіру жөніндегі базаны дамытуға араласатыны туралы уағдаластық. Бұл база бірнеше жыл бойына Қазақстан мен Ресейде бірлесе даму үстінде. Украинаның осы уақытқа дейін оған еш қатысы жоқ еді", - деді В.Янукович.
Сонымен қатар, В.Янукович осы мәселеге қатысты Ресей президенті Дмитрий Медведевпен алдын ала келісім жасалғанын да тілге тиек етті. "Бүгін осы мәселеге қатысты үшжақты келісімнің бар екенін айтуға болады, енді Ресей, Қазақстан мен Украина тең дәрежеде, әрқайсысы 33 пайызға ие және әр тарап та осы жобадан өз үлесін алады", - деп мәлімдеген В.Янукович, осы бағыттағы байланыстардың үш мемлекетке де тиімді екендігін нақтылай түсті.
Президент атап өткендей, әңгіме осы жобаны жүзеге асыруға қатысты болып отыр. Соның ішінде Украина аумағында ЖЖМ үшін отын өндіретін зауыттардың бірінің құрылысы басталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны