06.04.2007, 16:35 3491

Украина СІМ елдегі текетірес бейбіт жолмен шешілетіндігін мәлімдеп, сырттан араласпау принципін еске салады

АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Украина СІМ елдегі текетірес бейбіт жолмен шешілетіндігін мәлімдеп, мемлекеттің ішкі ісіне сырттан араласпау принципін еске салады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қазақстандағы Украина елшілігіне сілтеме жасап.

"Украинаның СІМ ел ішіндегі текетірес тек демократиялық және бейбіт жолмен шешілетіндігін жеткізеді",- деп елшілік Украина сыртқы істер министрі Арсений Яценюктің бейсенбіде Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысынан кейінгі брифинге жасаған мәлімдемесінен дәйексөз келтіреді.

А.Яценюктің айтуынша, "сайлауды мерзімінен бұрын өткізу - халықаралық тәжірибедегі жаңалық емес". "Мәселен, кейінгі 10 жылда тек Еуропадағы он екі елде сайлаулар мерзімінен бұрын өткізілген",- деді ол. "Демек, тұрақты әрі қалыпты жағдай бұл. Орталық сайлау комиссиясының шешімі болған жағдайда шетелдегі сайлау округі тиісті науқанды өткізуге дайын болмақ",- деді СІМ.

"Халықаралық құқықтың басты принципі - елдің ішкі ісіне араласпау. Оған барлық елдер, соның ішінде Украина да бағынып отыр". "Осы кезеңде ел ішіндегі саяси шиеленісті реттеуге қандай да бір делдалдарды араластыру жөнінде шешім шығарылған жоқ. Сол себепті біз келіп жатқан ұсыныстар үшін ризашылығымызды білдіреміз, бірақ қазіргі жағдайда олар өзекті емес",- деді сыртқы істер министрі.

Ол сонымен қатар Украинаның өзіне жүктеп алған барлық халықаралық міндеттемелерін толық көлемде орындап отырғанын және оларды әріқарай да орындай беретінін атап өтті. "Мемлекеттің сыртқы саяси мекемесі өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Украинада президенттік институт мызғымайтындығын, жоғарғы атқарушы билік ретінде министрлер кабинеті жұмыс істеп жатқанын, толық заңды екенін және өз өкілеттілігін атқарып жатқанын атап өткім келеді. Демек, Украинаның халықаралық міндеттемесін орындамай отырғандығы туралы кез-келген мәселені көтеру орынсыз",- деді дипломат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны