11.12.2006, 14:33 3116

Украина үкімет басшысы жұмыс сапарымен елімізге келеді

АСТАНА. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Украина үкімет басшысы Виктор Янукович екі күндік жұмыс сапарымен елімізге келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстандағы Украина елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар 2006-жылғы желтоқсанның 13-14 жұлдызына белгіленген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар аясында Украина үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және үкімет басшысы Даниал Ахметовпен жүздеседі.

"Келіссөздер барысында отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде қуат көздерін тасымалдау және өндіру, баға саясатын біріздендіру мәселелері талқыланады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сапар бағдарламасында сонымен бірге Астананың әкімшілік және іскерлік орталығымен танысу, Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою, президенттің мәдени орталығына бару межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны