18.01.2010, 18:00 2851

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп таныды

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп таныды

Алматы. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын өтті деп танығанын жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Украинадағы 17 қаңтардағы президент сайлауы өтті деп танылды, және бұл - ешкім де қарсы дау айта алмайтын, дәлелденген дерек", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Шаповал.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қазір "таңбасы кеуіп үлгермеген" алғашқы хаттамаларды ала бастады.

Дауыс беру хаттамаларының 80%-ын өңдеуден кейін Украинадағы президент сайлауында Виктор Янукович әлі де Юлия Тимошенконы 11% дауысқа артқа тастап келеді. ОСК мәліметінше, В. Януковичке 35,76%, Ю. Тимошенкоға - 24,72% дауыс берілген.

"Сайлау додасын үшінші болып банкир Сергей Тигипко - 13,05%, төртінші болып - "Фронт перемен" партиясының жетекшісі Арсений Яценюк - 6,96%-пен аяқтады. Қазіргі президент Виктор Ющенко 5-проценттік кедергіден өтті - оның алған дауысы - 5,33%. Бірде-бір үміткерді жақтамағандар 2,21% болды", -деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны