05.04.2010, 17:18 3412

Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович Қазақстанға бірінші ресми сапармен келеді

Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович Қазақстанға бірінші ресми сапармен келеді

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович 7 сәуірде Елбасының шақыруымен Қазақстан Республикасына бірінші ресми сапармен келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдарда келіссөздері болады. Сонымен қатар, сапардың шеңберінде сауда-экономикалық, отын-энергетикалық салаларындағы, машина жасау өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі, космос саласындағы және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны