07.04.2010, 18:22 3034

Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович Қазақстанға сапармен келді

Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович Қазақстанға сапармен келді

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович бүгін Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана әуежайында Виктор Януковичты Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев күтіп алды.

Иуежайдан Украина президенті Ақордаға бет алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович 7 сәуірде Елбасының шақыруымен Қазақстан Республикасына бірінші ресми сапармен келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдарда келіссөздері болады. Сонымен қатар, сапардың шеңберінде сауда-экономикалық, отын-энергетикалық салаларындағы, машина жасау өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі, космос саласындағы және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелер талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны