27.06.2008, 16:35 2939

ҰҚШҰ елдерінің өкілдері осы мемлекеттердің жастары үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды ұсынады

ҰҚШҰ елдерінің өкілдері осы мемлекеттердің жастары үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды ұсынады

Бішкек. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚШҰ елдерінің өкілдері осы мемлекеттердің жастары үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды ұсынады. Бұл ұсыныс Ұйым мүшелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына арналған халықаралық конференцияда жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру ҰҚШҰ елдерінің жастарының арасындағы байланыстарды нығайтуға, білімді жетілдіруге, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуына, жас ұрпақты мемлекеттік басқаруға тартуға, жастар парламентаризміне арналатын электрондық сайттарды ашуды көздейді.

"ҰҚШҰ елдерінің жастары үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікке ҰҚШҰ мемлекеттері тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс", - деп мәлімдеді Қырғызстанның Білім министрлігінің өкілі Ұлан Бірімқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны