23.04.2010, 16:25 3084

ҰҚШҰ Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс - Бордюжа

ҰҚШҰ Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс - Бордюжа

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа бүгін Алматыда өткен "Орталық Азия қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері" атты дөңгелек үстел мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

ҰҚШҰ бас хатшысының пікірінше, Қырғызстандағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр және ушығып кету ағымы бар, қырғыз халқы бірқатар мәселелерге тап келіп отыр.

"Қырғыз халқы мынандай мәселелермен бетпе-бет келуде. Олар - биліктің тұрақсыздығы, құқық қорғау құрылымдары қызметінің тұрақсыздығы, қылмыстық құрылымдардың әрекеттері, меншікті қайта бөлу әрекеті мен бизнеске қысым көрсету. Мен Уақытша үкіметтің қабылдап жатқан шаралары Қырғызстанды бұл тығырықтан алып шығады, сондай-ақ ел билеуші жоғарғы органдарды сайлау мәселелері шешіледі деп үміттенемін", дейді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ Қырғызстанның ішкі ісіне араласпайды. Онда болған жағдайға сыртқы күштердің қатысы жоқ.

"Қазақстанда болған оқиға - елдің ішкі ісі. Қырғыз халқы билік жүйесін өзі анықтауы, тәртіп пен азаматтардың демократиялық еркіндіктерін өз бетімен қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, мен бұл процесс мемлекеттің қауіпсіздігіне, азаматтар мен экономиканың қауіпсіздігіне ықпалын тигізетінін сезінемін. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ына мүше елдердің президенттері, соның ішінде Қазақстан мен РФ президенттері, РФ премьер-министрі елдегі жағдайдың тұрақтануы мен азаматтық соғыс болмауы үшін күш салуда", - деді ол.

Ал ҰҚШҰ хатшылығына келсек, 8 сәуірден бері онда бас хатшының орынбасары басқарған топ жұмыс істеп, ахуалды бағалап, барлық саяси күштер, саяси партиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. "Біз Қырғызстандағы ахуалдан алшақтап қалған жоқпыз. Өз басым күш әлеуетін қолдануға негіз көріп отырған жоқпын. Бірақ, ҰҚШҰ, өз құрамына Қырғызстан да кіретін халықаралық құрылым ретінде, елдегі ахуалды тұрақтандыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуге тиіс екенін түсінемін", - деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны