14.05.2010, 17:48 3713

ҰҚШҰ мемлекет басшылары Лукашенконың Бакиевті қабылдау жөніндегі шешімін кісілік деп атады - Бордюжа

ҰҚШҰ мемлекет басшылары Лукашенконың Бакиевті қабылдау жөніндегі шешімін кісілік деп атады - Бордюжа

Мәскеу. 14 мамыр. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ мемлекет басшылары Беларусь президенті Александр Лукашенконың Құрманбек Бакиевті қабылдау жөніндегі шешімін кісілік деп атады. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Саммитте көптеген мемлекет басшылары Беларусь президенті кісілік танытып, одақтас мемлекеттің басшысына қиын сәттерде көмек көрсетті деп атап көрсетті. Менің білуімше, Беларусь басшылығы қандайбір сұраным алған жоқ. Ал егер алатын болса, онда бұл мәселе бойынша өзінді егемен құқығына сәйкес шешім қабылдайды", - деді Н. Бордюжа.

"Барлық мемлекет басшылары дерлік қолдау білдіріп, Беларусь президентінің шешімін бекзаттық әрі кісілік, жігіттік таныту арқылы біріншіден, Бакиевтің өзіне, екіншіден, оның жақындары мен туыстарына қол ұшын созды деп бағалады. Сондай-ақ, Бакиевті Қырғызстаннан Қазақстанға жеткізу жөніндегі мәселені шешкен кезде Қазақстан президенті де, Ресей президенті де осылай істеді. Бұл жерде басты мақсат - Бакиевті жазаның қаһарына іліктірмеу болды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны