08.04.2010, 12:21 3106

ҰҚШҰ мүшелері Қырғызстандағы оқиғаларға алаңдаулы - Бордюжа

ҰҚШҰ мүшелері Қырғызстандағы оқиғаларға алаңдаулы - Бордюжа

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ мүшелері Қырғызстандағы оқиғаларға алаңдаулы. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" агенттігіне сілтеме жасап.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше барлық елдер Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға алаңдаулы", - деді Н. Бордюжа.

"Мен қазір Қырғызстанда болып жатқан мәселелерді талқылағым келмейді, бірақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше барлық елдер Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға айрықша алаңдаулы екенін, Бішкектен келіп жатқан қаза тапқандар туралы ақпаратқа байланысты үрей білдіре отырып, шиеленіске қатысушы тараптар ақылға, жөнге келеді деп үміттенеді. Ел басшылығы да, Қырғызстандағы оппозиция да жағдайдың күрделілігін түсініп, мәнсіз қантөгіс пен дүрбелеңге тосқауыл қояды деп сенемін", - деді ол.

Н. Бордюжаның айтуынша, "Ресей басшылығы Бішкекте болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалап отыр және оған байланысты үлкен алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы кеше РФ СІМ ресми өкілі Андрей Нестеренко мәлімдеді. Ресей Қырғызстандағы барлық саяси күштерді құқық шеңберінде шешуге шақырады. Қырғызстан Ресейдің, сондай-ақ, ТМД және ҰҚШҰ елдерін біріктіретін басқа да ұйымдар мен органдардың одақтасы ретінде қала береді және осы ұйымдар да, жалпы халықаралық қауымдастық та билік пен Қырғызстан оппозициясын амбициядан бас тартуға, келіссөздерге келуге, өз елі мен халқын сақтап қалу үшін келісімге келуге шақырады",- деді Н. Бордюжа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны