28.07.2008, 10:11 1201

ҰҚШҰ Орта Азия өңірінде бірлескен әскери топ құрмақ

ҰҚШҰ Орта Азия өңірінде бірлескен әскери топ құрмақ

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер Орта Азия өңірінде бірлескен әскери топ құрады. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа Мәскеуде ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдерімен кеңескеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Газета" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Орта Азия өңірінде бірлескен әскери күш пен топ міндетті түрде құрылады. Ол Ауғанстандағы күрделі жағдайды ескере отырып, өңірдегі әскери-саяси ұстау факторы болуға арналған", - деп атап көрсетті ҰҚШҰ бас хатшысы.

ҰҚШҰ-на Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны