16.10.2009, 13:58 2836

ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын тұрақты өткізіп отыру қажет - Қазақстан президенті

"Біздің пайымдауымызша, мұндай оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп отыруға тиіс", -деп атап өткен президент оны екі жылда бір рет өткізу қажеттігін айтты. Н. Назарбаев осы орайда оқу-жаттығуларға жоғары баға беріп, оған алдын-ала дайындық барысында барлық мемлекеттер ауқымды жұмыс тындырғанын, әскери бөлімшелер "алға қойған міндеттерді атқарып шыққанын" атап өтті.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын тұрақты өткізіп отыру қажет. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысының Гвардия ауылындағы Мәтібұлақ полигонында "Ықпалдастық- 2009" атты ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің қатысуымен ортақ стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының соңғы кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің пайымдауымызша, мұндай оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп отыруға тиіс", -деп атап өткен президент оны екі жылда бір рет өткізу қажеттігін айтты.

Н. Назарбаев осы орайда оқу-жаттығуларға жоғары баға беріп, оған алдын-ала дайындық барысында барлық мемлекеттер ауқымды жұмыс тындырғанын, әскери бөлімшелер "алға қойған міндеттерді атқарып шыққанын" атап өтті.

"Қорғаныс министрлері, қолбасшылар, осы оқу-жаттығулардың жетекшілері айқын ықпалдаса алды, және біз оған қатысушыларға ризашылық білдіреміз. Біздер, президенттер, осы оқу-жаттығуларға қатысқандарды жаппай марапаттауға бұйрық береміз", - деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев еске салып өткендей, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы "оған мүше қандайбір елге қарсы жасалған басқыншылықты тойтару үшін құрылған болатын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны