23.04.2010, 16:00 3024

ҰҚШҰ-да құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтеріне арнап мамандар дайындау мәселесі бойынша консультациялар өтті

ҰҚШҰ-да құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтеріне арнап мамандар дайындау мәселесі бойынша консультациялар өтті

Мәскеу. 23 сәуір. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ хатшылығында құқық қорғау органдарына, өртке қарсы күрес, апаттан құтқару және арнаулы қызметтерге арнап мамандар дайындау жөніндегі келісімді жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктеріне қатысты мәселелер бойынша ұйымға мүше елдер өкілдерінің консультациялары өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іс-шараның барысында ҰҚШҰ-ына мүше елдердің құқық қорғау органдарына, өртке қарсы күрес, апаттан құтқару және арнаулы қызметтеріне арнап мамандар дайындаушы оқу орындарының тізімінің жобасы дайындалды. Мемлекеттердің ұсыныстары бойынша дайындалған құжатта 25 ЖОО-ның тізімі бар", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстаннан онда бес жоғары оқу орны бар. Атап айтсақ, ҚР ІІМ Академиясы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Искери институты, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери институты. Қырғызстанда бұл келісім аясында мамандар ІІМ Академиясында дайындалады.

Ресейден ІІМ Басқару академиясы, РФ ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі академиясы, РФ ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясы секілді 9 ЖОО бар. Армения Республикасынан ТЖМ Мемлекеттік дағдарыстық басқару академиясы және АР үкіметінің жанындағы Полиция академиясы секілді 2 ЖОО кірген. Ал Беларусь Республикасынан алты, Тәжікстаннан - бір ЖОО тізімге қамтылды.

Таяу уақыттарда тізімнің жобасы ҰҚШҰ жарғылық органдарының талқысына ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны