16.10.2009, 11:35 1534

ҰҚШҰ-ға мүше бес елдің президенттері Жамбыл облысына Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларына қатысу үшін келді

ҰҚШҰ-ға мүше бес елдің президенттері Жамбыл облысына Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларына қатысу үшін келді

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ-ға мүше бес елдің президенттері бүгін Жамбыл облысына Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларына қатысу үшін келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жамбыл облысының Гвардия ауылындағы Мәтібұлақ полигонында 16 қазанда "Ықпалдастық- 2009" атты ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің қатысуымен ортақ стратегиялық командалық-штабтық жаттығуларының соңғы кезеңі басталды. Оған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары шақырылған.

Оқу-жаттығуларға қатысу үшін, атап айтсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения президенті Серж Саргсян, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Ресей президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ, Беларусь қорғаныс министрі Леонид Мальцев келді.

Өзбекстан президенті оқу-жаттығуларды көруге келген жоқ. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстаннан оқу-жаттығуларға әскерилер жіберілмеген.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҰҚШҰ мемлекет басшылары оқу-жаттығуларға ғана қатысады, ешқандай басқа қосымша іс-шаралар, саммиттер мен келіссөздер жоспарланған жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда өтетін "Ықпалдастық- 2009" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының соңғы кезеңіне ҰҚШҰ мемлекет басшылары шақырылған. Бұл туралы 12 қазанда журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

"Жамбыл облысының Гвардия ауылындағы Мәтібұлақ полигонында 16 қазанда "Ықпалдастық- 2009" атты ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет етуші күштерінің қатысуымен ортақ стратегиялық командалық-штабтық жаттығуларының соңғы кезеңі өтеді. Оған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қатысады",- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, 2 қазанда басталған аталмыш жаттығулар бірыңғай әскери - саяси жағдайда өтетін топтық - штабтық жаттығулар кешенінен тұрады. Бірінші рет құрылған ЖИҰК ҰҚШҰ қолбасшылығы Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерін қорғану операцияларында қолдануға бағытталған шешімдер қабылдайтын болады.

"ҰҚШҰ-ның бұл сынды жаттығулары ұйымның зор әлеует пен мүмкіндіктерге ие болғанын, әрі әскери-саяси ұйым ретінде нақты жағдайларда әртүрлі тапсырмаларды орындай алатындығын және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі болатындығын көрсетуге бағытталған",- деді ресми өкіл.

Өздеріңіз білетіндей, ЖИҰК құру туралы шешімді ҰҚШҰ елдері басшылары 2009 жылғы 4 ақпандағы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясы кезінде қабылдаған болатын.

"ЖИҰК құрудағы мақсат - терроризм, экстремизм және есірткі тасымалдау сияқты қалыптасқан қауіп қатерлер, техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікке ҰҚШҰ-ның тиімді үлес қосуын қамтамасыз ету болып табылады.

ЖИҰК құру ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесі әлеуетін көтеруге, қауіп қатерлерге тиімді әрі жедел қарсы әрекет етуге мүмкіндік бермек",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны