22.12.2008, 17:45 2924

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйым аясында жедел әрекет ету күштері тобын құру туралы жоғары деңгейде келісім жасалды

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйым аясында жедел әрекет ету күштері тобын құру туралы жоғары деңгейде келісім жасалды

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Бурабай" курорттық аймағында 19-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммит барысында мемлекет басшылары өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде ұжымдық қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынас пен әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономикалық проблемаларды бірлесіп шешу жолдарын талқылады.

Кездесудің нәтижесінде бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, саммитке қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйым аясында жедел әрекет ету күштері тобын құру туралы келісімге келді.

Илемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюда мемлекеттерге көмек көрсету үшін 10 млрд. доллар көлемінде бірлескен қор құру туралы шешім қабылданды.

Саммитке қатысушылар жоғары технологиялар орталығын құру жөнінде уағдаласты, оның қызметі инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеу мен енгізуге бағытталады.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев бұл кездесудің жемісті өткенін атап өтті. Алдағы саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың құқықтық базасын қалыптастыратын құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны