07.08.2006, 18:25 2979

Ұлыбритания парламентінің депутаттары елімізге келмекші

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. 8-11-тамызда Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия парламентінің общиналар палатасының депутаттары Ричард Спринг пен Дэвид Раффлидің елімізге сапары өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Журналистерге арнап апта сайын өткізілетін қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың бүгін құлағдар еткеніндей, сапар "Вестминистр демократиялық қоры" атты халықаралық құқық қорғау ұйымының жұмысы аясында ұйымдастырылмақ.

"Сапар барысында Ұлыбританиялық парламентшілер ел басшылығымен, Қазақстандағы саяси партиялар мен бейресми ұйымдардың басшыларымен кездеседі. Онда Қазақстанда демократиялық институттарды дамыту саласы бойынша саяси және экономикалық реформаларға, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы партияаралық және парламентаралық ынтымақтастықтың келешегіне, Вестминистр демократиялық қорының жобаларын елімізде жүзеге асыруға, сондай-ақ, адам құқықтары мен демократия саласындағы екі жақты ынтымақтастыққа қатысты басқа да мәселелер талқыланады",- деді СІМ өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны