30.06.2010, 11:14 3843

Ұлыбританиядағы дипломатиялық қызметкерлердің айыппұл қарызы жөнінен Қазақстан алғашқы орында

Ұлыбританиядағы дипломатиялық қызметкерлердің айыппұл қарызы жөнінен Қазақстан алғашқы орында

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Ұлыбританиядағы дипломатиялық қызметкерлердің айыппұл қарызы жөнінен Қазақстан алғашқы орында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Уильям Хейг (William Hague) парламент отырысында Ұлыбританияда орын тепкен дипломатиялық қызметтер тарапынан болған айыппұлдар мен салықтар бойынша қарыз көлемі жөнінде хабарлады.

Атап айтқанда, тыйым салынған жерге көлікті қою және жол қозғалысы ережелерінің басқа да кішігірім бұзушылықтары бойынша төленбеген айыппұл қарызы барлық елшіліктерді қоса есептегенде 534 мың фунт стерлингті ($805 мың) құраған. Қазақстанның ең үлкен шотқа иелік етеді. Атап айтар болсақ, жалпы сомасы 148 мың фунт стерлингті ($223 мың), яғни, 57 елшіліктің жалпы қарызының 27 пайызын құрайтын 1399 төленбеген айыппұлы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны