20.03.2007, 13:42 3207

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі Лондон Сити мэрімен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ЛОНДОН. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов Лондон Сити мэрі Джордж Статтардпен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, елші мен Лондон Сити мэрінің кездесуі Дж.Саттардтың Қазақстанға ресми сапары қарсаңында өтті. Ол 2007-жылдың 28-30 наурызында Елбасының шақыруымен елімізге келеді деп күтілуде.

Келіссөздер барысында Е.Ыдырысов Дж.Саттардқа Қазақстан президентінің жолдауының мән-мазмұны туралы ақпарат беріп, Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының басты ерекшеліктері мен Қазақстандағы саяси-экономикалық ахуал туралы талқылады.

Алдағы сапар аясында мэр ел басшылығының бірқатар өкілдерімен, атап айтсақ, сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездеседі. Сонымен бірге Ұлыбританиялық өкілдер 28-наурызда "Financial Times" басылымы мен Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі ҚР агенттігі бірлесе ұйымдастырған "Kazakhstan Growth and Capital Markets Forum" атты халықаралық бас қосуға қатысады.

Дж.Саттардпен бірге елімізге Лондон Сити шерифі Д.Льюис пен Лондон қор биржасының (LSE) төрағасы К.Гибсон-Смит келеді. LSE басшысының сапары Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы мен Лондон капитал рыногы арасындағы ұзақ мерзімді әріптестіктің құрамды бөлігі болып табылады. Иріптестік Алматыдағы аймақтық қаржы орталығы мен Лондон қор биржасы арасында былтыр қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға негізделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны