26.03.2007, 18:14 3247

Ұлыбританияның бизнес өкілдері Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде келіссөздер жүргізу үшін елімізге келмекші

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Ұлыбританияның бизнес өкілдері Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде келіссөздер жүргізу үшін елімізге келмекші.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Делегацияны 2006 жылдың қарашасында Елбасының Ұлыбританияға ресми сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес, Лондон Ситидің Лорд-Мэрі Джон Статтард басқарады. Ол 28-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді деп күтілуде.

Лорд-Мэрдің Астанаға сапары барысында Қазақстан-Ұлыбритания сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайту, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын ілгерлету бойынша кездесу-пікір алмасу жоспарланған.

Сондай-ақ, сапар барысында ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі (АӨҚО), Лондон қор биржасы, Алматы қаласының әкімдігі, "ОДҚ "Қазына" АҚ, "МАБҚХ "Самұрық" АҚ және "Financial Times" баспасының қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны