05.10.2009, 18:35 3158

Ұлыбританияның Жоғарғы білім және интеллектуалдық меншік министрі Дэвид Ламми бастаған британдық делегация Астанаға келді

Ұлыбританияның Жоғарғы білім және интеллектуалдық меншік министрі Дэвид Ламми бастаған британдық делегация Астанаға келді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Ұлыбританияның Жоғарғы білім және интеллектуалдық меншік министрі Дэвид Ламми бастаған британдық делегация Астанаға келді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің хабарлауынша, 5-7 қазан аралығына жоспарланған сапар барысында Д.Ламми еліміздің министрліктері басшыларымен кездесулер өткізіп, жоғарғы білім және кәсіби техникалық білім беру, сондай-ақ біліктілік деңгейін көтеру саласында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны