16.03.2012, 17:52 2707

Ил-Каеда басшысы бүлікке шақыруда

Ил-Каеда лаңкестік ұйымының көсемі Айман әл-Завахири, Пәкістан халқы өз елінің үкіметін күшпен құлатуы керек деп мәлімдеді және осылай пәкістандықтарды бүлікке шақырды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - Ил-Каеда басшысы бүлікке шақыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ил-Каеда лаңкестік ұйымының көсемі Айман әл-Завахири, Пәкістан халқы өз елінің үкіметін күшпен құлатуы керек деп мәлімдеді және осылай пәкістандықтарды бүлікке шақырды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Ил-Завахиридің үндеуі ғаламтордағы экстремистік сайттардың бірінде жария етілген. Оның айтуынша, Пәкістан үкіметі мен әскерилері АҚШ-пен бірлесе отырып, мұсылмандарға қарсы соғысуда. Ил-Каеда басшысы олар Пәкістандағы тайпалар тұратын ауданда әскери операциялар жүргізіп, АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларының ұшуына рұқсат беруді исламға қарсы соғыс деп қарастыратынын айтты.

Лаңкестік ұйым басшысының бұл үндеуі қашан және қайда жазып алынғаны белгісіз. Бірақ онда АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын ұшу құрылғыларының өткен жылғы қараша айындағы шабуылы туралы айтылады. Сол кезде құрылғының зымыран шабуылынан пәкістандық 24 жауынгер қаза тапқан еді. Ал өткен айда әл-Каеда ұйымы Сириядағы үкіметке қарсы қозғалысты қолдаған үндеу жариялаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны