17.05.2012, 09:50 3072

Үлкен сегіздік саммитінде экономикалық мәселелер талқыланады

Жұма күні Кэмп-Дэвидте Үлкен сегіздікке мүше елдердің саммиты жұмысын бастайды. Илемнің бетке ұстар 8 мемлекетінің басшылары осы басқосуда түрлі мәселелерді талқылайды.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Үлкен сегіздік саммитінде экономикалық мәселелер талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұма күні Кэмп-Дэвидте Үлкен сегіздікке мүше елдердің саммиты жұмысын бастайды. Илемнің бетке ұстар 8 мемлекетінің басшылары осы басқосуда түрлі мәселелерді талқылайды.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, саммитте талқыланатын басты тақырып әлем экономикасының тұрақсыздығы болмақ. Таңдаулы әлем басшыларының ортасына жаңа тұлғалардың қосылуы әрдайым жұртшылықтың қызығушылығын туғызады. Биылғы саммитте бұқаралық ақпарат құралдарының басты назарына Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель ілігетін түрі бар. Сайлау науқаны барысында Франсуа Олланд экономиканы дамыту үшін Германия ұсынған қатаң үнемдеу шаралары емес, өсімге негізделген саясат керек деп мәлімдеген болатын. Еуропаның ең ірі екі ел басшыларының арасындағы пікір қайшылығы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр.

"Үлкен сегіздік саммитінде талқыланатын басты тақырып - әлем экономикасының жағдайы болмақ. Сол себепті саммитке қатысушы елдердің басшылары Еуропалық Одақ еуроаймақты құтқару үшін не істейтінін білгісі келетіні анық",- деп мәлім етті саясаттанушы Джордж Перкович.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны