14.08.2009, 12:19 2861

Үндістан атом қуатын бейбіт мақсатта өндіру көлемін ұлғайта түспек ниетте

Үндістан атом қуатын бейбіт мақсатта өндіру көлемін ұлғайта түспек ниетте

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Үндістан атом қуатын бейбіт мақсатта өндіру көлемін ұлғайта түспек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас конференциясында қыркүйек айында талқыланатын баяндамасында атап көрсетілгеніндей, қазір "атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалануға деген сұраныс ғаламдық деңгейде артып келе жатқаны байқалады. Көптеген елдер, әсіресе Азия елдері қосымша қуат көздерін іздестірумен, соның ішінде жаңа АЭС салу арқылы іздестірумен шұғылдануда".

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, "мәселен, Үндістан таяудағы онжылдықтарда атом қуатын өндіру көлемін 15 есе арттыруды жоспарлауда. Бұл жоспарды жүзеге асыруға сатушылардың 2008 жылы осы елге ядролық технологияларды беруге қойылған шектеуді алып тастауы септігін тигізбек".

Баяндамада атап көрсетілгеніндей, "ядролық энергияны қуат көзі ретінде пайдалануға барлық елдердің құқығы бар. Бірақ сонымен бірге олар өздерінің ядролық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану мен ядролық материалдардың сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс".

Құжатта атап көрсетілгеніндей, "2008 жылы бір де АЭС пайдалануға берілген жоқ, бірақ жаңадан 10 станция салына бастады. Жалпы алғанда қазір негізінен Азия елдерінде 44 атомдық реактор салынуда".

"Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 438 атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардың үлесіне барлық өндірілетін электр қуатының 14%-ы тиесілі", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны