19.06.2007, 13:34 2776

Үндістан елшілігі таяу уақыттарда Алматыдан Астанаға көшпекші

АСТАНА. 18 -маусым. Kazakhstan Today. Үндістан елшілігі таяу уақыттарда Алматыдан Астанаға көшпекші. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімхатын табыс ету рәсімінен кейін Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Ашок Саджанхар мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз таяу уақыттарда Алматыдан Астанаға көшетіндігімізді хабарлағам келеді", - деді елші.

Рәсім барысында Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, "Қазақстан Үндістанмен арадағы саяси диалогтың дамуына қанағаттанады". "Қазіргі жағдаймен біздің елдер мейлінше өзекті халықаралық проблемалар, соның ішінде көпполярлы әлем құру, қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күресу үшін халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің сенімді құрылымын құру жөніндегі ұстанымдары ұқсас ", - деді президент.

"Біз Үндістанды потенциалдық стратегиялық әріптес деп танимыз және түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде ақпараттық технологиялар, әскери-техникалық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық алмасулар тәрізді бағыттар бойынша Үндістанмен арадағы байланысты дамытуды қолдаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2006 жылы $210,2 млн болды. Қазақстан экономикасына жұмсалған Үндістан инвестициясы $13,2 млн тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны