15.06.2006, 11:34 2997

Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелікке өтуге пейіл білдірді

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Қазір ұйымның жанындағы бақылаушы елдер болып табылатын Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына толыққанды мүшелікке өтуге пейіл білдірді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің “Новости” ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

“Үндістан бұл ұйымның іс-қызметіне толыққанды мүше болуға ниет білдіреді. Біз өзара ынтымақтастықты байыта түсер едік”,- деді Үндістанның энергетика министрі Мурли Деора Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде.

Оның айтуынша, Үндістан ұйым шеңберіндегі әріптестермен белсенді ынтымақтастық орнатудан мүдделі.

Пәкістан президенті Первез Мушарраф та өз елінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелікке өтуге пейіл екенін саммит барысында мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны