14.02.2012, 11:53 4008

Үндістандағы Израиль елшілігі маңында жарылыс болды

Жарылғыш зат елшіліктегі әскери атташенің көлігінің астына қойылған екен. Полицейлер қаскөйлердің көздегені де сол болған деп отыр. Жарылыс кезінде атташе көлікте болмағанмен, жарақат алғандардың арасында оның зайыбы бар. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Үндістандағы Израиль елшілігі маңында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үндістандағы Израиль елшілігі маңында болған лаңкестік шабуылдан көлік жанында тұрған төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылғыш зат елшіліктегі әскери атташенің көлігінің астына қойылған екен. Полицейлер қаскөйлердің көздегені де сол болған деп отыр. Жарылыс кезінде атташе көлікте болмағанмен, жарақат алғандардың арасында оның зайыбы бар. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді.

Үндістанның Сыртқы Істер Министрлігі жарылысты қатаң сынға алып, мұқият тергеу жүргізуге уәде берді. Дәл осы мезетте лаңкестік шабуыл Грузиядағы Израиль елшілігі маңында да жүзеге асуы тиіс еді, алайда, ол жерде бомба дер кезінде анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны