11.10.2007, 17:17 3508

Изербайжан, Грузия, Қазақстан және Түркияның байланыс министрлерінің Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің Каспий бөлігін жүзеге асыру жобасы бойынша кездесуі қараша айында өтуі мүмкін

Изербайжан, Грузия, Қазақстан және Түркияның байланыс министрлерінің Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің Каспий бөлігін жүзеге асыру жобасы бойынша кездесуі қараша айында өтуі мүмкін.

Баку. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан, Грузия, Қазақстан және Түркияның байланыс министрлерінің Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің /ТАЕ/ Каспий бөлігін жүзеге асыру мәселесі бойынша кездесуі қараша айында Баку қаласында өтуі мүмкін, деп мәлімдеді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Изербайжанның Байланыс және ақпараттық технология министрлігі.

Бұдан бұрын кездесу маусым айына жоспарланған болатын. Алайда, Қазақстан өкілінің тығыз жұмыс кестесіне байланысты қатыса алмауы себепті кездесу кейінге шегерілген.

"Соған қарамастан, қыркүйекке жоспарланған кездесуді де Қазақстанның байланыс саласы министрінің қатысуға мүмкіндігі болмауына байланысты кейінге қалдыруға тура келген. Енді бұл кездесу қараша айында Баку қаласында 21-қараша күні ашылатын BakuTel телекоммуникациялық көрмесі аясында өтуі мүмкін", - деп атап өтті министрлік.

Изербайжанның ақпарат министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осы кездесу аясында аталмыш байланыс желісінің операторларының консорциумын құру мәселесін талқылау жоспарланған.

"Сонымен қатар, желінің Каспий сегментін тартуға байланысты қазіргі кезде тиісті құжат дайындалып жатыр. Егер де, қиындықтар туындамаса, оған алдағы министрлер кездесуінің аясында қол қойылады", - деді министрліктегілер.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің Каспий бөлігін жүзеге асыру үшін Изербайжан, Грузия, Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің қатысуымен консорциум құру жобаланған болатын.

Каспий арқылы Сиазань (Баку қаласынан солтүстікте 120 шақырым) мен Ақтау пункттері арқылы өтетін ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын жаңа желі Азия және Еуропа елдері арқылы өтіп, оларды оптикалық талшықты байланыс желісінің көмегімен қосатын Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің бір тармағы болады. Теңіз түбіндегі байланыс кабелінің құны шамамен 7-10 млн АҚШ долларын құрайтын болады.

ТАЕ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Изербайджан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамтығаннан кейін Майндағы Франкфуртта (Германия) аяқталады.

Бүгінгі күнге дейін Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты желінің Каспий түбінен басқа Шанхайдан бастап Франкфуртқа дейінгі жерлердегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Сондықтан, Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісі бойынша ақпарат алмасу Иран және Ресей жерлері арқылы тасымалданады. Ол магистраль қауіпсіздігін азайтып, қашықтықты ұлғайтып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны