11.10.2007, 15:23 2386

Изербайжан, Грузия, Литва, Польша және Украина энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Изербайжан, Грузия, Литва, Польша және Украина энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Баку. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика саласындағы қауіпсіздік жөніндегі Вильнюс конференциясының бірінші күнінің аяқталуына орай Изербайжан, Грузия, Литва, Польша және Украина энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Изербайжан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, Изербайжан, Грузия, Литва, Польша және Украина мұнай компанияларының басшылары "Сарматия" деп аталатын жауапкершілігі шектеулі мемлекетаралық қоғам құру жөніндегі келімімге қол қойды.

Литва, Изербайжан, Польша, Грузия президенттерімен бірлесе өткізілген баспасөз мәслихатында Украина президенті Виктор Ющенко осынау қол қойыллған құжаттардың "Одесса-Броды-Гданьск" мұнай құбыры жобасын жүзеге асыруға жасалған қадам екенін атап өтті.

Литва СІМ, Литваның стратегиялық зерттеулер орталығы мен АҚШ-тың Хадсон институты бірлесе ұйымдастырған "Жауапты әріптестер үшін жауапты энергетика" атты конференцияға Изербайжан, Украина, Грузия, Литва және Польша президенттері, ал Қазақстан жағынан энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны