24.12.2009, 17:29 2469

Изербайжан Қазақстанмен арадағы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау бойынша мемлекетішілік процедураларды аяқтады

Изербайжан Қазақстанмен арадағы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау бойынша мемлекетішілік процедураларды аяқтады

Баку. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Изербайжан Қазақстанмен арадағы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау бойынша мемлекетішілік процедураларды аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today осы ел президентінің әкімшілігіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, президент Ильхам Алиевтің бұйрығымен Қазақстан мемлекет басшысының Бакуге 2009 жылдың 2 қазанында жасаған сапары кезінде қол қойылған үш үкіметаралық келісім бекітілді: 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық байланыстар кезінде түзілген берешекті өтеу туралы келісім, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Сумгаит және Ақтау секілді бауырлас қалалар арасында қарым-қатынас орнату туралы бірлескен декларация.

Изербайжанның министрлер кабинетіне осы келісімдерді жүзеге асыруға қажетті шараларды қолдану тапсырылды.

Изербайжанның сыртқы істер министрлігіне Қазақстан жағына Изербайжан тарапынан аталған келісімдердің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік процедуралардың орындалғаны туралы хабарландыру тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны