23.05.2008, 19:18 2496

Изербайжан Қазақстаннан бидай импортын қайта жандандырды

Изербайжан Қазақстаннан бидай импортын қайта жандандырды

Баку. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан Қазақстаннан бидай импортын қайта жандандырды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Изербайжанның ауылшаруашылық министрі Исмет Аббасов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұдан бұрын Қазақстаннан бидай тасымалдауға байланысты жасалған келісім-шарттар қайта жандандырылды . Сондай-ақ, бірқатар компаниялар бидайды Украинадан жеткізіп, Ресейден ұн тасымалдана бастады ", - деді И. Аббасов.

Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметінше, қазақ бидайын жеткізу көлемі бұдан бұрын жасалған келісім-шарттарға сәйкес 120-200 мың тоннаны құраған.

Министр хабарлағанындай, 2008 жылы Изербайжанда өндірілетін дәнді дақылдар көлемі 2,6 млн тонна көлемінде болады деп жоспарланып отыр.

"Жалпы Изербайжанның бұршақ дәнділерді тұтыну көлемі 3,2 млн тоннаны құрайды. Ал 2008 жылы 2,6 млн тонна дәнді дақылдар жиналады, бұл 2007 жылдың өнімділігін ескергенде (1 гектардан 27,6 центнер) есептелген мөлшер, оның нақты көлемі одан көп болуы мүмкін. Елдің астық қорындағы бидай көлемі және оның импортын ескергенде мемлекетте бидай тапшылығы жоқ және болмайды деп сеніммен айтуға болады", -деп атап өтті И. Аббасов.

2007 жылы Изербайжанда өндірілген дәнді дақылдар көлемі 2 млн 4,2 мың тоннаға жетсе, оның 1 млн 331,4 мың тоннасын бидай құрады. 2008 жылы егіндікке бөлінген жер алқаптарының көлемі 818,2 мың гектарды құрады. Ал бидай 601,5 мың гектар жерге себілді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Изербайжан үкіметі 2008 жылдың 30 сәуірінде бидай, ұн, күріш импортын ҚҚС босатты. Сонымен бірге күріш пен ұн импортына 0-дік кедендік баж салығы салынады. Бұл жеңілдіктер бір жылға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны