13.06.2007, 15:04 2547

Изербайжан мен Қазақстан арасындағы екі ел азаматтарының өзара визасыз кіріп-шығуы туралы үкіметаралық келісім хаттамасы күшіне енді

БАКУ. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Изербайжан парламентінің 2007 жылдың 22 мамырында қабылдап, ел президенті бекіткен Изербайжан мен Қазақстан арасындағы екі ел азаматтарының өзара визасыз кіріп-шығуы туралы үкіметаралық келісім хаттамасы бүгін күшіне енді.

Құжат ресми баспада жарияланды, сөйтіп ол өз күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш хаттамамен екі ел азаматтарына өзара кіріп-шығу кезінде қажет құжаттардың тізімі кеңейтіледі. Бұл тізімге енді дипломатиялық және жай азаматтық төлқұжаттар қатарына жеке куәлік пен шығу туралы куәлік кіреді.

Изербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының визасыз кіріп-шығуы туралы үкіметаралық келісімге 1997 жылы қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны