02.04.2008, 17:09 2574

Изербайжан парламенті ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қызметі бойынша келісімді бекітті

Изербайжан парламенті ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қызметі бойынша келісімді бекітті

Баку. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан милли меджлисі (парламент) 1 сәуір күні өткен жалпы отырысында ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қызметіне қатысты бірқатар құжаттарды бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, депутаттар "ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорын құру туралы" келісімді, "Қордың лауазымдық айлық жалақысын есептеу схемасы және қордың атқарушы директоратының атқарушы директоры мен қызметкерлерін ақшалай қамтамасыздығы мөлшерлемесін анықтау тәртібі туралы" және "Қор органдарының қызметін қаржылай қамтамасыз ету және атқарушы директорат қызметкерлері санының жоғарғы шегі туралы" қаулыларды бекітті.

Келісімге 2006 жылдың 25 мамырында Ташкент қаласында қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны