02.04.2007, 17:02 2733

Изербайжан президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Изербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссиясының жаңа құрамын бекітті

БАКУ. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Изербайжанның президенті Ильхам Илиев Изербайжан мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының Изербайжан жағының жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өкім мәтінінде атап көрсетілгендей, комиссиясының тең төрағасы лауазымына Изербайжан елі жағынан экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев тағайындалды.

Комиссия құрамына сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Гюльмамед Джавадов, қаржы министрінің орынбасары Азер Байрамов, көлік министрінің орынбасары Мұса Панахов, ауылшаруашылық министрінің орынбасары Бахман Илиев, білім министрінің орынбасары Эльмар Гасымов, мәдениет және туризм министрінің орынбасары Теймур Мехтиев қосылған. Сонымен қатар, комиссия құрамына Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сафар Мехтиев, Мемлекеттік стандарттау, метрология және патент жөніндегі агенттіктің бас директоры Рамиз Гасанов, Мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті Эльшад Насиров "Изербайжан әуе желілері" мемлекеттік концернінің бас директорының бірінші орынбасары Сабир Ильясов кіргізілген.

Изербайжанның мемлекеттік статистика жөніндегі комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы Изербайжаннан Қазақстанға тасымалданған тауар экспорты 105,6 млн АҚШ долларын, ал Изербайжанға импорт 127,2 млн АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны