14.04.2008, 14:42 2542

Изербайжан Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің Каспий бөлігінің жобасы бойынша кеңесшіні таңдады

Изербайжан Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің Каспий бөлігінің жобасы бойынша кеңесшіні таңдады

Баку. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанның Байланыс және ақпараттық технология министрлігі Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің /ТАЕ/ Каспий бөлігінің жобасы бойынша кеңсшіні таңдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі халықаралық есеп және байланыс орталығының директоры Джалил Джафаровқа сілтеме жасап.

Д. Джафаровтың айтуынша, жоба бойынша үш консалтингтік компания өз ұсыныстарын білдірген.

"Барлық ұсыныстарды зерделей келе Accium халықаралық компаниясы таңдалды. Осы компаниямен шарт жасасу үшін біз оны Қазақстан жағының мақұлдауын күтіп отырмыз", - деді Д. Джафаров.

Оның айтуынша, консультант аталмыш жобаны жүзеге асырудың орындылығы жөніндегі есептер мен зерттеулер жүргізіп, оның тиімділігін дәлелдеп, өзінің жұмыс нәтижелерін әр жаққа таныстыруға тиіс.

Д. Джафаров сондай-ақ, Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің /ТАЕ/ Каспий бөлігін жүзеге асыру мәселесі бойынша Қазақстанмен қөатар Түрікменстанмен де келіссөздер жүргізуде.

Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің /ТАЕ/ Каспий бөлігінің құрылысы 2007 жылдың аяғында басталады деп межеленген болатын.

Изербайжан Каспий арқылы Сиазань (Баку қаласынан солтүстікте 120 шақырым) мен Ақтау пункттері арқылы өтетін ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын жаңа желі Азия және Еуропа елдері арқылы өтіп, оларды оптикалық талшықты байланыс желісінің көмегімен қосатын Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің бір тармағы болатын теңіз түбіндегі байланыс кабелінің құны шамамен 7-10 млн АҚШ долларын құрайды деп бағалауда.

ТАЕ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Изербайджан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамти отырып, Майндағы Франкфуртта (Германия) аяқталады.

Қазіргі бағыт Түрікменстан мен Иран арқылы өтіп, Изербайжан аумағын айналып өтеді. Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің кабелін Изербайжан арқылы тарту оның ұзындығын 1000 шақырымға қысқарту арқылы ақпарат жіберуді жылдамдатады.

Бүгінгі күнге дейін Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты желінің Каспий түбінен басқа Шанхайдан бастап Франкфуртқа дейінгі жерлердегі құрылыс жұмыстары аяқталған. Сондықтан, Трансазия-Еуропа /ТАЕ/ оптикалық талшықты магистралды байланыс желісі бойынша ақпарат алмасу Иран және Ресей жерлері арқылы тасымалданады. Ол магистраль қауіпсіздігін азайтып, қашықтықты ұлғайтып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны