09.04.2008, 14:35 2493

Изербайжанда Тәжікстан елшілігінің және жеті жылдық үзілістен кейін Түркменстан елшілігінің қызметі басталады

Изербайжанда Тәжікстан елшілігінің және жеті жылдық үзілістен кейін Түркменстан елшілігінің қызметі басталады

Баку. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Түркменстанның Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Аннамаммад Маммадов Изербайжан президенті Ильхам Илиевке өзінің сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ИР президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу кезінде екі жақтың саяси, экономикалық және тағы да басқа салалары бойынша байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерінің бары айтылып, қарым қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірілді.

Түркменстан елшілігі Изербайжандағы қызметін жеті жылдық үзілістен кейін жалғастырды. Оның алдындағы елші Каспий теңізі орталығындағы жер қойнауына қатысты (Кяпяз, Азери және Чираг) Изербайжан мен Түркменстан арасында туындаған дауға байланысты 2001 жылдың маусым айында кері қайтарылған болатын.

Сонымен бірге Изербайжанда Тәжікстанның елшілігі өз қызметін бастайды. Кеше И. Илиев Тәжікстанның Изербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Закир Вазировтың сенім грамоталарын қабылдады.

Изербайжан басшысы атап өткеніндей, екі мемлекеттік саяси, экономикалық және басқа салалары бойынша байланыстары ойдағыдай дамуда. И. Илиев жоғары деңгейдегі кездесулер қарым қатынастарды одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне назар аударып, елші қызметінің ынтымақтастықты дамыту жолында үлес қосатынына сенім білдірді.

Елші өз кезегінде Изербайжан мен Тәжікстан арасындағы екі жақты қатынастардың оңтайлы дамып отырғанын тілге тиек етіп, елшілік бұл бағыттағы байланыстырды одан әрі кеңейтіп нығайту үшін бар күшін жұмылдыратынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны