29.02.2008, 17:33 2824

Изербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Изербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Изербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Изербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Баку. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров бейсенбі, 28-ақпанда Изербайжандағы Қазақстан Республикасының еллшісі болып жуырда жаңадан тағайындалған елшісі Серік Пірімбетовты қабылдады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Изербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Изербайжанның сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін табыс ете тұрып, Серік Пірімбетов оны еліміздегі саяси, экономикалық жағдай және Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Изербайжанның екі жақты қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап көрсетті.

Эльмар Мамедьяров өз кезегінде екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіндегі өзара қарым-қатынасты жалғастыра беру және кеңейте түсу қажеттігін айтты. Жаңа салалардағы ынтымақтастықты дамыту және елшінің осы саладағы тиімді жұмысын іске асыру маңыздылығын атап көрсетті.

"Кездесу барысында, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық, аймақтық жобаларға қатысу, Каспий теңізін делимитациялау және өзара қызығушылық тудырып отырған тағы да басқа мәселелер бойынша пікір алмасылды", - деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны