03.12.2007, 18:11 2687

Изербайжанның президенті Қазақстан және Беларусь елімен арадағы бірқатар үкіметаралық келісімдерді бекітті

Изербайжанның президенті Қазақстан және Беларусь елімен арадағы бірқатар үкіметаралық келісімдерді бекітті

Баку. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанның президенті Ильхам Алиев Қазақстанмен арада жасалған үш үкіметаралық келісімді бекітті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының әкімшілігінен.

Атап айтқанда, Изербайжан мен Қазақстанның біріккен мәлімдемесі, "Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық саладағы кооперациялары туралы" үкіметаралық келісімі мен "Сотталған тұлғаларды жазасын өтеуге жіберу туралы" келісім-артқа өзгерістер енгізу туралы хаттамалары бекітілді.

Аталмыш құжаттарға И. Алиевтің 2007 жылдың 7-тамызында Астанаға келген ресми сапары барысында қол қойылып, елдің милли меджлисінде (парламентінде) 2007 жылдың 19-қазанында ратификацияланған болатын. Сонымен қатар, Изербайжан Республикасының президенті Беларусьпен арада қол қойылған бес үкіметаралық құжатты бекітті. Бұлар, атап айтқанда, "Достық және ынтымақтастық туралы", "Изербайжанда уақытша жұмыс істеп жүрген Беларусь азаматтарының, және Беларусь елінде уақытша жұмыс істеп жүрген Изербайжан азаматтарының еңбек қызметтері және оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Құпия ақпараттарды өзара сақтау туралы", "Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы", "Карантин және өсімдікті сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы" келісім шарттар.

Бұл келісімдерге Белоруссия Республикасының президенті Александр Лукашенконың 2-мамырда Бакуге барған ресми сапары барасында қол қойылып, милли меджлисте 2007 жылдың 1-қазанында ратификацияланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны