13.03.2007, 15:25 3139

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының мемлекетаралық комиссиясы әскери-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған құжаттардың топтамасын қарайды

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының үшінші отырысы барысында әскери-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған құжаттардың топтамасы қаралады. Бұл туралы бүгін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков отырыс алдында журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына қатысушылар бізден әскери-экономикалық ынтымақтастық аясында нақты қадамдарды күтуде, алайда ондай қадамдарды жасау үшін нормативтік-құқықтық база қалыптастыру қажет. Ол үшін осы жолғы отырысқа біз елдер арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге бағытталған айрықша маңызды құжаттарды талқылауға ұсындық",- деді В.Семериков.

Оның нақтылауынша, бұл ретте әскери мақсаттағы өнімдерді модернизациялау, жөндеу, пайдалану, жасау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы, әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған санаткерлік іс-қызметнің нәтижелеріне қатысты құқықты қорғау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік акт, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына қатысушы елдерді Ресей Федерациясының техникалық құқықтық актілерімен (стандарттарымен) қамтамасыз ету ережелері туралы сөз болып отыр. В.Семериковтың айтуынша, сонымен бірге үшінші отырыстың күн тәртібіне сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының форматындағы ұйымға мүше елдердің қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірлескен жарнама-көрмелер ұйымдастыру іс-қызметін реттейтін нормативтік актілердің жобасын қарау да қамтылған.

"Бұл құжаттар Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына қатысушы елдердің президенттеріне Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жазғы сессиясында таныстырылады",- деді ұйым бас хатшысының орынбасары. Оның айтуынша, сессия ағымдағы жылдың маусым айында Мәскеуде өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2005-жылғы 23-маусымындағы шешімін жүзеге асыру үшін құрылған. Ұйымға мүше елдердің үкіметтерінің шешімімен құрылған комиссияның ұлттық бөлімдерін (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) өз елдерінде өнеркәсіптік қорғанысқа қатысты салаларын жауаптанатын министрлер мен вице-министрлер басқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны