15.06.2009, 09:48 1361

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында Жедел әрекет етуші ұжымдық күштер туралы келісімге және олардың қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында Жедел әрекет етуші ұжымдық күштер туралы келісімге және олардың қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында ҰҚШҰ қызметін одан әрі жетілдірудің бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет етуші ұжымдық күштері туралы келісімге және олардың қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

ҰҚШҰ-ның Жедел әрекет етуші ұжымдық күштері ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштерінің тұрақты әзірлігі құрылымы ретінде қалыптасып отыр және оның мақсаты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге, соның ішінде болуы мүмкін лаңкестік әрекеттер мен төтенше жағдайларға жедел үнқату болып табылады.

Оларды құру қажеттілігі туралы мәселені мемлекет басшылары 2008 жылғы желтоқсанда Бурабайда өткен ҰҚШҰ-ның бейресми саммиті барысында және осы жылдың ақпан айында Мәскеуде өткен келесі кездесулерінде жан-жақты талқылаудан өткізгені белгілі. Жедел үнқатудың ұжымдық күштерін пайдалану туралы шешімді Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі өзара пәтуаласу негізінде қабылдайды.

Жедел әрекет етуші күштер тараптар арасындағы дауларды шешу үшін пайдаланылмайды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары қол қойған мәлімдемеде әскери-саяси қауіпсіздікке және қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлермен күреске, сондай-ақ туындайтын төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарға байланысты өңірлік жағдайларға баға беріліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны