28.09.2007, 17:05 2927

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды - Бордюжа

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды


Бішкек. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр, деп мәлім етті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа.

"Жақын уақытта Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды",- деді Н. Бордюжа Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жұмада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ұйымының бас хатшысы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық "өте көп бағыттарда" тиімді болатындығына сенім білдірді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы бүгін Бішкекте "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны