27.05.2008, 19:44 2859

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы темір жолдарды техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру мәселелерін талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы темір жолдарды техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру мәселелерін талқылады

Мәскеу. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы тұрақты кеңес отырысында бүгін темір жолдарды техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Ресей жағы дайындаған құжаттар пакеті талқыланды. Ол құжаттар пакетінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құрумен байланысты шараларды орындайтын мемлекетаралық жұмыс тобын қалыптастыру мәселелері қамтылған.

Құжаттар пакеті ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің жұмыс тобын, сондай-ақ, ол жайлы ереже жобасын құру туралы шешімдерінің жобаларын қамтиды.

"Мемлекетаралық жұмыс тобын ұйымға кіретін мемлекет басшылары 2003 жылдың сәуір айында қол қойған тиісті келісім аясында ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру шараларын бұдан да нақты жүзеге асыру мен үйлестіруді ұйымдастырудың көңілге қонатынын басшылыққа ала отырып құру көзделіп отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің үйлестіруші рөлі арқылы темір жолдарды техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру шараларының орындалуын ұйымға мүше мемлекеттерде бірлескен жоспарлаумен және ұйымдастырумен айналысатын болады.

Жұмыс тобының құрамына ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімді жүзеге асыру аясында темір жолдарды техникалық бүркемелеу мен қалпына келтіру шараларын ұйымдастыру өкілеттілігіне ие ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының өкілдерін енгізу көзделіп отыр. Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің темір жол күштерінің қолбасшысының орынбасары жұмыс тобына жалпы басшылық жасайтын болады деп жоспарланып отыр.

Құжаттар пакеті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше барлық мемлекеттерде қаралды. Өкілеттілікке ие өкілдер құжат жобаларымен келісіп, ҰҚШҰ жарғылық органдарының қарауына ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны