28.09.2007, 16:51 2890

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады


Бішкек. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін ұйымның әскери әлеуеттілігін көтеруге қатысты 20-дан астам мәселе қаралды",- деп атап көрсетті Д. Ахметов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы бүгін Бішкекте басталған болатын. Оған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшысы Николай Бордюжа, Ресейдің қорғаныс министрі – Анатолий Сердюков, Қазақстанның қорғаныс министрі - Даниал Ахметов, Тәжікстанның қорғаныс министрі - Шерали Хайруллоев, Беларусияның қорғаныс министрі - Леонид Мальцев, Арменияның қорғаныс министрі - Микаэль Арутюнян және Өзбекстанның қорғаныс министрі - Рустам Ниязов қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны