18.03.2008, 19:03 2928

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің темір жол жүйесінің негізгі темір жол бағыттарын техникалық қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру жоспарлануда

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің темір жол жүйесінің негізгі темір жол бағыттарын техникалық қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру жоспарлануда

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің темір жол жүйесінің негізгі темір жол бағыттарын техникалық қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек ҚР парламенті сенатының алдында "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық жағынан қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау" туралы ҚР заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Өз сөзінде Ж.Қасымбек аталмыш келісімнің негізгі тұстарына , жүзеге асу механизмдері мен артықшылықтарына тоқтала отырып, депутаттардан осы заң жобасын қолдауды өтінді.

Баяндамада айтылғандай, "Қазақстанның осынау халықаралық келісім-шартқа қосылуы еліміздің ҰҚШҰ-на мүше-мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтып, елдің ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қорғауды, сондай-ақ ерекше жағдайларда темір жолдарын қалпына келтіруді, техникалық жағынан қорғаштауды және салуды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады". Сондай-ақ, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының заңын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуді қажет етпейді.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары темір жолды техникалық қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге 2003 жылғы 28 сәуірде Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің кезекті мәжілісінде қол қойған болатын.

Бұл құжат ерекше әскери немесе төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде әр елде темір жолдың үздіксіз жұмыс істеуі үшін оларды жан-жақты дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Келісім бойынша, Қазақстан Республикасы темір жолдары қираған жағдайда, оларды қалпына келтіру үшін ұйымға мүше мемлекеттердің техникалық құралдарын тартуға мүмкіндік береді.

Келісімге сәйкес, ҰҚШҰ-на мүше-мемлекеттердің темір жол жүйесінің негізгі темір жол бағыттарын техникалық қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру жоспарланып отыр.

Жүйе сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру жағдайында негізгі темір жол бағыттарын техникалық жағынан қорғаштауға және қалпына келтіруге арналған.

Келісім бойынша (5 және 7-бап), темір жолдарды қалпына келтіруге тартылатын күштер мен құралдар Бірыңғай жоспарға сәйкес айқындалады. Бұл бірыңғай жоспарды Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі бекітеді.

Бірыңғай жоспарды дайындап үйлестіру мақсатында, Келісім бойынша Мемлекетаралық жұмыс тобын құру көзделіп отыр.

Жалпы үйлестіру рөлін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Темір жол әскерінің басшылығы атқарады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше-мемлекеттердің 2003 жылғы 28 сәуірдегі темір жолдарды техникалық жағынан Қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру туралы Келісім Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасында 2006 жылғы 23 қаңтарда, ал Ресей Федерациясында 2007 жылғы 15 тамызда күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны