15.04.2008, 18:34 3007

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру жөніндегі ереже жасалды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру жөніндегі ереже жасалды

Мәскеу. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Тұрақты кеңес отырысында ұйым хатшылығында дайындалған мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды жасау, қаржыландыру және жүзеге асыру тәртібі жөніндегі ереже жобасы талқыға салынды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы хабарлады. "Ереже ұйым қызметінің сыртқы саясат, әскери-техникалық, әскери-экономикалық және өзге де салалардағы міндеттерді шешуде қолданбалы зерттеулер, перспективалы ғылыми-техникалық, технологиялық, өндірістік және өзге де жұмыстар жасауға жағдай тудыру және оны қаржыландыруға құқықтық негіз болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес мақсатты бағдарламалар ұйымға мүше кем дегенде үш мемлекет қатысып және құжатты ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі бекіткеннен кейін мемелекетаралық статусын иеленеді.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, құзырлы өкілдер құжатпен келісті және оны Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жарғылық органдарының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.

Құжат 2010 жылға дейінгі кезеңге және одан да әрі қарайғы уақытқа есептелген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери коалициясын құру жоспарына сәйкес дайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны